Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 21:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 қазанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да ЭКСПО бизнес орталығында «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жаһандық тенденциялар және аймақтық аспектілер» V Орталық Азиялық Халықаралық форумы өтеді.

10.00-де Қазмедиа орталығында Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған салтанатты жиын өтеді.

10.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласындағы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: Шымкет қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов, Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Алдаркұл Ахметов.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

12.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Халық санағы-2021» аясында интервьюерлердің үй аралау кезеңінің басталуы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Алексей Милюк.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

16.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола және Қарағанды облыстарында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов, Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында суретші Динара Қадырованың «Ұмай бесік жыры» жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай