Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1 ақпанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 19:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 ақпан күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Nur Otan» партиясының елордалық филиалы «Ummet» қоғамдық қорымен бірлесіп, мұқтаж азаматтарға көмірді тегін тарататын «Жылу сыйлау» акциясын өткізеді.

11.00-де Оқушылар сарайында «ЮСИМАС» балалардың зияткерлік даму академиясы және «Business kids» балалар кәсіпкерлігі академиясы 9-16 жас аралығындағы балалар мен олардың ата-аналары үшін «Цифрландыру және жоғары технологиялар дәуірінде жас ұрпақты кәсіпкерлік және кәсіптік бағдарлау дағдылары» тақырыбында отбасылық конференция өткізеді.

12.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Кітап оқып, рухани бай бол!» атты қалалық байқау өтеді.

17.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығы дәстүрлі «Аулак өй» қысқы кездесуін өткізеді.

18.00-де Назарбаев Университетінде актер Данияр Алшыновпен шығармашылық кездесу өтеді.


АЛМАТЫ

12.30-да «Медеу» мұз айдынында Халықаралық мотоцикл федерациясының қолдауымен мұз бетіндегі мотожарыс бойынша жеке әлем чемпионатының финалы ашылады.


АҚТӨБЕ

9:00-ден 18:00-ге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «ANTICOR ORTALYGY» сервистік орталығында «Қазақстандағы нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама» семинарларының екінші туры өтеді. Семинарды Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры ұйымдастырады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Аймақ, БАҚ,
Жоғары қарай