Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жүкті әйелдерге КВИ қарсы екпе олардың келісімінсіз салынады - фейк

27 October 2021 10:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жүкті әйелдерге КВИ қарсы екпе олардың келісімінсіз салынады деген ақпарат жалған. Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Қазнет қолданушылары «22 қарашадан бастап жүкті әйелдерді COVID-19 қарсы вакцинациялай бастайды» деген ескерту таратуда. Бұл ретте хабарламада барлығын бірдей егу жоспарланып отырғандықтан олардың вакцинацияға келісімі немесе одан бас тартуы маңызды болмайтыны айтылған. Бұл жалған. Ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

«Жүкті әйелдерді вакцинациялау егілетіндердің ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін ғана жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күні жүкті әйелдерге КВИ қарсы вакцина салынып жатқан жоқ», – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.


Up