Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жезқазғанда 20 жас дәрігер пәтер алды

21 June 2021 22:38

ЖЕЗҚАЗҒАН. КазАқпарат – Қарағанды облысының Жезқазған қаласында денсаулық сақтау саласының 20 жас қызметкеріне пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова кілттерді табыстау кезінде дәрігердің жұмысы – әлемдігі ең маңызды екенін атап өтті. Ол ақ халаттыларға мықты денсаулық, істеріне табыс және отбасыларына амандық тіледі.

«Сенім» кәсіподақ ұйымы мерекелік құттықтау эстафетасына қосылып, жаңа қоныстанушыларға қысқатолқынды пештер сыйлады.

Бұдан бөлек, Жезқазған қаласының медицина қызметкерлері «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Алтын дәрігер», «Кәсіби жетістіктері үшін» және «Мейірім» төсбелгілерімен марапатталды. Өз жұмысына адал ниетпен қараған қызметкерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрінің, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Қарағанды облысы және Жезқазған қаласы әкімдерінің, «Қазақмыс» корпорациясы« ЖШС жанындағы Nur Otan партиясы филиалының Құрмет грамоталары табыс етілді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының 10 өкілі Жезқазған әкімінің 100 мың теңге көлеміндегі сыйлығына ие болды.

Айта кетейік, медицина мамандарына баспана «Қазақмыс« корпорациясының демеушілік көмегімен алынды.


Up