Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жапония бір тәулікте 1 млн адамды коронавирусқа қарсы екті

25 June 2021 15:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапония биылғы қараша айына дейін елдегі барлық ересек тұрғынды коронавирусқа қарсы вакциналауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Швейцарияда шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетілуде. 26 маусымда елде қашықтан жұмыс істеу режимі, көшеде бет пердені кию міндеті алынды. Сондай-ақ, азаматтар өзінің екпе салдырғандығын растайтын куәлікті, COVID-19 инфекциясынан сауығып шықандығы туралы немесе ПТР-тестің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынған жағдайда, мейрамханаларға келушілердің және жаппай іс-шараларға қатысушылардың санына қойылған шектеулер алынып тасталмақ.

Шенген аймағындағы басқа елдердің азаматтары Швейцарияға келгеннен кейін енді карантинге жатуға міндетті емес. Бірақ Үндістаннан, Ұлыбританиядан және коронавирустың жаңа нұсқалары қарқынды таралып жатқан елдерден сапарлайтын азаматтар үшін шектеулер күшін жойған жоқ.

Жаңа Зеландия астанасы Веллингтонда келушілердің бірінен коронавирус инфекциясы анықталғандықтан, шаһарда шектеу шаралары енгізілді. Бұл шаралардың локдаунға жатпайтындығын атап өткен жөн. Билік өкілдері мұндай әрекеттің «сақтық шаралары» екендігін айтты. Мектептер мен дүкендер ашық қалса да, әлеуметтік байланысқа қойылған шектеулер алынған жоқ. Осылайша, 100-ден астам адамның жиналуына тыйым салынады. Іс-шараларға қатысушылардың барлығы өзара 1-2 метрлік қашықтықты сақтауы тиіс.

Жапония халықты иммундау бойынша ішкі рекорд орнатуда. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясына қарсы екпені 1 млн адам алды. Мемлекет билігі шілденің соңына дейін елдің барлық қарттарын, ал қарашаға дейін елдегі барлық ересек тұрғындарды вакциналау үшін егу шараларының қарқынын төмендетпеуге ниетті. Қазіргі уақытта 125 миллион жапондықтың тек 18% вакцинаның кем дегенде бір компонентін салдырған.


Up