Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңаөзенде қызмет барысында қаза болған полицейлерге ескерткіш тақта ортатылды

23 June 2021 23:08

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Жаңаөзенде қызмет барысында қаза болған полицейлерге арналған ескерткіш тақта қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан полициясы күнінде ерлік көрсеткен қызметкерлердің өшпес істерін қастерлеп, рухына тағзым етіп, көпке үлгі көрсету мақсатында жас ұрпақтың бейбітшілікті сақтауға арналған. Ескерткіш «Елмен бірге мәңгілік, Рухың тұрар жаңғырып» атты естелік сөз жазылған. Шараға МО ПД бастығының орынбасары, Жаңаөзен қаласының әкімі мен мәслихат депутаттары мен марқұмның туыстары қатысты. Салтанатты шарада Гимн орындалып, қызметте өздерінің саналы ғұмырын Ішкі істер саласына арнаған, ұлты үшін кез келген қиындыққа төтеп беріп, құрбан болан Бұқарбаев Марат Садыкулы , Құрбанов Үсен, Бисенкенов Дүйсенбай азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының үздік қызметкерлері марапатталады.


























Up