Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы 2021 жылдың соңына дейін бекітіледі

8 May 2021 18:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы 2021 жылдың соңына дейін бекітіледі. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда көктемгі су тасқыны кезінде су тапшылығы мәселелері байқалуда, бұл Үкімет пен қоғамды қатты алаңдатады. Трансшекаралық ынтымақтастықты жүзеге асырумен қатар жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы әзірленуде. Оның негізгі қағидаты елдің су ресурстық әлеуетін сақтау мәселесі болады. Жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы 2021 жылдың соңына дейін бекітіледі деп күтілуде», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында су ресурстарын 2030 жылға дейін басқару жөніндегі ұлттық жоба әзірленіп жатқандығын айтады.

«Ұлттық жобаның басым бағыттарының қатарына су дипломатиясын нығайту арқылы мемлекетаралық су қатынастарын жетілдіру, су ресурстарын цифрландыру, есепке алу және мониторинг жүргізу, сондай-ақ суды үнемдеу технологияларын енгізу кіреді», - деді Роман Скляр.


Up