Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жаңа қаулы: ШҚО-да банкет залдары мен караоке клубтардың жұмысына рұқсат берілді

27 January 2022 19:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бірқатар карантиндік шектеулер жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша бірқатар шектеу шаралары жеңілдетілді.

«Ashyq» жобасына қатысатын нысандар келушілерде қауіпсіз «жасыл» статус болған жағдайда шектеусіз жұмыс істейді. Нақты айтқанда, енді салтанатты, еске алу, отбасылық іс-шараларды өткізуге, адам көп жиналатын конференция, форум, көрме, ашық ауада марафон ұйымдастыруға рұқсат берілген. Сондай-ақ ойын және түнгі клубтар, караоке-барлар, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес және йога-орталықтар ашық болады», - делінген құжатта.

Мектепалды сыныптар, 1-4 сынып оқушылары штаттық форматта оқиды. 600 оқушысы бар мектептер түгелдей дәстүрлі форматқа ауысады. Ал бала саны 600-ден асса, білім ордасының жобалық қуатының 50%-ынан аспайтын жүктемемен офлайн форматта оқытуға рұқсат берілген.


Up