Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбылдағы түзеу мекемесіндегі жемқорлықпен сотталғандар қалай өмір сүріп жатыр

17 May 2022 20:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы мен көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ҚАЖД ЖД-158/4 түзеу мекемесіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаментінің мәліметінше, мекеме қызметкерлері сотталғандардың түрмедегі тұрмыстық жағдайын көрген. Камераларды, серуендеу алаңын, ұйықтау, тамақтану орындарын, спорт залын, ағаш шеберханасын аралаған.

«Мұндай кездесулер өте тиімді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізетініне сенімдіміз. Біздегі жазаны өтеушілерге, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға да барлығына бірдей жағдай жасалған. Ешқандай артықшылықтар жоқ», – деді мекеме басшысы Бақытжан Шәріпбеков.




Келушілерге колонияда жазасын өтеп жатқан лауазымды тұлғалармен жасалған бірнеше сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілер мысал ретінде келтірілді. Біреуі үлкен ақшаға орынбасарының «орнын сатпақшы» болса, екіншісі бюджет қаражатын жымқырған.

«Мен үшін мұндай орында өткен «экскурсия» ұмытылмас әсер қалдырды. Бүгінде мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық әрекетке барған жағдайда оларды қандай зардаптар күтіп тұрғанын өз көздерімен көрді. Еркіндікті бағалау керек», - деп атап өтті мемлекеттік қызметші.

Шара соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаның қатаңдатылғанын мәлімеді.








Up