Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысындағы күре жолда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

29 July 2021 01:17

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысы аумағындағы күре жолда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып қалды. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кадрлардан Жамбыл облысында - Гродиково мен Бесағаш елді мекендерінің арасындағы жаңа тас жолдың қиылысында жеңіл көлік пен қатты зақымдалған жедел жәрдем көлігі көрсетілген.

«Біздің көлік жол-көлік апатына ұшырады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Венера Балкибекова. «Біз Бесағаштағы шақыруға барғанбыз, көлікпен соқтығысып қалдық. Абырой болғанда барлығы тірі, бірақ қатты зардап шекті. Полиция қазір тергеу жүргізіп жатыр».

Оның айтуынша, жол апатынан төрт адам зардап шекті - екі фельдшер, жедел жәрдем жүргізушісі және жеңіл көлік жүргізушісі.

«Көліктің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, ал біздің адамдар амбулаториялық емделуге жіберілді. Жедел жәрдем көлігі қатты қирады. Барлық зардап шеккендер аман-сау болады деген үмітттеміз», - деді спикер.

Жамбыл облысының құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.


Up