Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Үш өңірде 2 градус үсік жүреді - Қазгидромет

7 May 2021 00:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Тек еліміздің батысы және солтүстігі антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауылмен бірге күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-21 м/с жетеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік күтіледі.


Up