Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Үндістанда көлік көпірден құлап, жеті студент қаза тапты

25 January 2022 13:50

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның Махараштра штатында дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні көлік көпірден құлап, салдарынан жеті студент қаза тапты. NDTV телеарнасының хабарлауынша, қаза тапқандар жергілікті медициналық колледж студенттері болған.

Апат штаттың шығысындағы Селсура қалашығында болды. Алдын ала деректерге қарағанда, студенттердің бірі рульге ие бола алмай қалған. Автокөлік биіктіктен өзенге құлаған, қаза тапқандардың денесін шығаруға үш сағаттан астам уақыт кетті.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди сейсенбі күні жастардың өліміне байланысты көңіл айтты. «Махараштра штатындағы Селсура қалашығында болған апат салдарынан адамдардың қаза тапқанына қайғырып, көңіл айтамын. Осы сағатта жақындарынан айырылғандармен біргемін», - деп жазды премьер-министр Twitter-дегі парақшасында.


Keywords: Оқиға, Әлем,
Up