Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

16 May 2022 16:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Cұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша іс қозғалған.

Шарттың жалпы сомасы - 1,2 млрд теңге.

Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижесі бойынша қабылданады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.


Up