Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық банк сәуірде валюта интервенциясын жасаған жоқ

12 May 2022 10:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәуір айында теңге бағамын нығайту үшін Ұлттық қордан 168,3 млн доллар сатылған. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәуірде жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың жалғасуына қарамастан, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды. Сәуірде шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай азаюы байқалды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 179 млн АҚШ долларынан 92 млн АҚШ долларына дейін азайды. Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуға қолдау көрсетті. Олардың көлемі сәуірде шамамен 253,2 млн АҚШ долларын құрады. Республикалық бюджетке берілетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін сәуірде Ұлттық қордан 168,3 млн АҚШ доллары сатылды. Ұлттық қордан сатудың үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 8,7%-ын құрады», - деді Ұлттық банк басшысы.

Ғаымжан Пірматовтың айтуына қарағанда, ішкі валюта нарығындағы жағдай тұрақтанғандықтан Ұлттық банк сәуір айында валюталық интервенцияларды жүргізбеген.

«Қысқа мерзімді перспективада геосаяси жағдайдың белгісіздігінен теңгенің құбылмалылық тәуекелі сақталады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін еркін бағам режимін ұстануды жалғастырады», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Бұған дейін Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру шараларын жүргізіп жатқанын мәлім еткен болатын.


Up