Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы: Өскеменде15 нашақор анықталды

18 June 2021 10:23

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде полиция қызметкерлері «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы барысында 15 нашақорды тіркеуге қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 9-16 маусым аралығында «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасын жүргізген. Мұндағы мақсат – мас күйде жасалатын қылмыстарға жол бермеу, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы келеңсіздіктердің алдын алу.

«Полицейлер 124 отбасылық жанжал фактісі бойынша қорғау нұсқамасын шығарды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 4-бөлігі бойынша 13 адамға алкогольді ішімдіктерді ішуге тыйым салынған. Жалпы тұрғылықты мекенжайы бойынша құқық қорғау органдарында есепте тұрған 1889 адам тексерілді», - делінген хабарламада.

Шара қорытындысы бойынша ішкілікке салынған 45 адам, 15 нашақор, 34 тұрмысы төмен отбасы тіркеуге қойылды. Бұдан бөлек, 8 адамды ата-ана құқығынан айыру үшін материалдар комиссияға жіберілді.


Up