Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркия жағалауында 254 заңсыз мигрант ұсталды

26 September 2021 20:58

МУГЛА. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Түркияның Мугла провинциясында Фетхийе ауданының жағалауында 254 заңсыз мигрант ұсталды. ҚазАқпарат бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мигранттар Түркиядан заңсыз жолдармен шығып кетпек болған. Бірақ оларды жағалау күзеті қызметінің қызметкерлері байқап қалған. Ұсталғандар Ауғанстан, Ирак, Иран, Сирия, Пәкістан және Бангладеш азаматтары.

Барлығы жандармерияның аудандық басқармасына жеткізілді, ал одан әрі Мугланың миграциялық басқармасына жіберіледі.

Түркия аумағын заңсыз тастап шығу әрекетін ұйымдастырушыларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.


Up