Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда 200-ге жуық адам жиналған үйлену тойы тарқатылды

2 August 2021 12:04

БІРЛІК. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 200-ге жуық адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында облыс полицейлері үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр.

Адам көп шоғырланатын ойын-сауық орындары, базарлар мен сауда орындары, кафе-бар, тойханаларда тұрақты рейдті-кпрофилактикалық шаралар атқарылуда.

Мәселен 2021 жылдың шілде айында Келес ауданында карантин режимін бұзуға қатысты 32 жайт анықталған. Оның ішінде 7-еуі - той-жиын.

Анықталған жайттардың барлығы заңды шешім қабылдау үшін Келес ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Яғни, Келес ауданы Біртілек ауылдық округінде орналасқан тойханалардың бірінде сағат күндізгі 14:00 шамасында карантин режимін өрескел бұзып, үйлену тойы жасалып жатқаны анықталып, мобильдік топпен барған полицейлердің бейнежетонына түскен.

Тойға 200-ге тарта адам жиналғаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары тойға жиналған қонақтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тойды тарқатты.

Аталған тойхана иесі мен той жасаушы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен іс-құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды.



Up