Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба іске асады

27 January 2022 20:37

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба іске асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жобаның басты мақсаты - азаматтардың өз ісін ашу мен дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау.

«2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» атты ұлттық жоба 10 міндеттен тұрса, оның 3-і халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған.

Бұл туралы Түркістан облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева айтып өтті.

Жалпы Түркістан облысында бүгінде 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Бұл көрсеткіш бойынша облыс елімізде екінші орынға тұрақтаған. Ал, Түркістан қаласының өзінде 13 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеп жатыр.

Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева

бүгінде Түркістан қаласы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салалары бойынша дамып жатқандығын жеткізді.

«Шаһар көне Жібек жолының бойында орналасқандықтан кәсіпкерлік мұндағы алдыңғы қатарлы салалардың бірі болып табылады. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңсесі қарқынды жұмыс жүргізуде» - дейді, Инара Намазбаева.

Сонымен қатар, Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығы кәсіпкерлік салада әйелдердің белсенділігін арттыру мақсатында бизнес идеяларға қолдау көрсетуде. Мұнда кез-келген қыз-келіншек кеңес алып қана қоймай, іс жүзінде көмек пен қолдау ала алады.



Up