Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Токиода ер адам үйіне келген 3 медқызметкерді атып, біреуін мерт қылды

28 January 2022 09:13

ТОКИО. Кyodo - ҚазАқпарат - Полиция бейсенбі күні кешкісін Токиоға жақын маңда 60 жастағы ер адамның үйіне келген 3 медқызметкерге шабуыл жасағанын мәлім етті, деп хабарлайжы ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың біріне мылтықпен оқ атқан, екіншісін кепілде ұстап отырған. 11 сағатқа созылған текетірес жұма күні таңертең Сайтама префектурасындағы Фуджиминода әлгінің үйіне полиция басып кіріп, оны тұтқындағаннан кейін аяқталды.

Полиция 44 жастағы дәрігердің мерт болғанын хабарлады.

Ол 41 жастағы физиотерапевтті атып өлтірген. Үш медицина қызметкері бейсенбі күні кешкі сағат 9 шамасында ер адамның отбасы мүшесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтуға барған. Полиция үшінші қызметкердің де ауруханаға жеткізілгенін айтты. Ол көзден жас ағызатын газдан жарақат алған.




Жергілікті билік 110 тұрғынды эвакуациялады, соған жақын маңдағы мектептер бүгін күні бойы жабық болады.


Up