Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстанның  ширек финалдағы қарсыласы анықталды

29 November 2021 10:55

МАДРИД. ҚазАқпарат - Теннистен 2021 жылғы Дэвис кубогінің ширек финалына шыққан командалар анықталды. Олардың қатарында Қазақстан командасы да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан командасы B тобында бірінші орын алса, Сербия командасы F тобында екінші орын иеленді.

Осылайша, Қазақстан мен Сербия арасындағы кездесу 1 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де өтеді.

Сербия әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. 2010 жылы аталған турнирде жеңіске жетсе, 2013 жылы финалда сынға түсті.

Команданың ең үздік ойыншысы – «Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін жеңімпазы Новак Джокович.

Ширек финалдағы өзге де кездесулер:

29 қараша. Хорватия – Италия

30 қараша. Ұлыбритания – Германия

2 желтоқсан. Ресей – Швеция


Keywords: Спорт,
Up