Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Александр Бублик Истбурн турнирінің ширек финалына шықты

23 June 2021 18:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның - бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истбурн турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 72-ракеткасы, белоруссиялық Егор Герасимовпен шеберлік байқасты.

А.Бублик екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Бублик 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланып, бес эйс жасады. Қарсыласы төрт эйспен шектелді.

А.Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 27-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонего немесе рейтингте 43-орында тұрған аустралиялық Джон Миллманның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос Истбурн турнирінің екінші айналымына шыққанын, А.Бубликтің осы жарысты жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Up