Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теңіз кенішінде көліктердің астына құс ұя салған: Машиналар екі апта жұмыс істемейді

15 May 2021 13:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде құс ұясы үш көліктің жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде мердігер компания көліктерінің астынан құс ұясы табылғаны туралы видео тарады.

Осыған байланысты көліктерді 14 күнге дейін пайдаланбау жөнінде шешім қабылданған.

«Тұрақта тұрған үш көліктің астынан құстың үш ұясы табылды. Компанияның биоалуантүрлілікті басқару рәсіміне сәйкес орнитолог тексеру жүргізді. Бір ұяда инкубацияның белсенді сатысы бары анықталды. Көліктердің жұмысы балапандар ұядан ұшып кеткенге дейін, кем дегенде 14 күнге тоқтатылады», -деп хабарлады «Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі.

Орнитолог ұяны жұмыртқа басу аяқталғанша апта сайын тексереді. Екі ұядан құс жұмыртқасы табылған жоқ.



Up