Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғанда карантинді пайдаланып, жемқорлыққа жол берген шенеуніктер ұсталды

30 July 2021 10:55

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Талдықорған қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғалары болып табылатын мониторингтік топ мүшелерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналының мәліметтеріне қарағанда, бөлім басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, «Covid-19» коронавирус инфекциясымен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен жаппай сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамау үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алған.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған пара сомасын берген мейрамханалардың 5 әкімшісі қылмыстық жауапқа тартылады.

Лауазымды адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Тергеу жалғасуда.

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.


Up