Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Суармалы су тапшы: ШҚО-да қираған бөгет қалпына келтірілуде

23 June 2021 22:54

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында қираған бөгет қалпына келтірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Экология, геология және және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданындағы Күршім өзенінде су тасқыны салдарынан Жауғашты каналын сумен қамтамасыз етіп отырған бөгет қираған.

«Бөгет 2016 жылдан бері «Қазсушар» РМК филиалының балансында тұр. Бұрын коммуналдық меншікте болған. 9 маусым күні Күршім өзенінде су тасқыны болған соң су деңгейі төмендеп, шаруалар суармалы судың жетіспеушілігін сезініп отыр«, - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Қазсушар» РМК орталық аппаратынан жергілікті жердегі жұмыстарды үйлестіру үшін мамандар мен қосымша техника жіберілді.

Жоспар бойынша қалпына келтіру жұмыстары 24 маусымда аяқталмақ


Up