Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

SpaceX миссиясы аясында төрт турист мінген «Драгон» орбитаға ұшырылды

16 September 2021 10:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғарыш туризмі жаңа айналымға шықты: Илон Масктың SpaceX компаниясының «Драгон» (Dragon) капсуласында орбитаға төрт «әуесқой ғарышкер» аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

«Драгон» Илон Масктың SpaceX компаниясының қолдан жасаған Falcon-9 зымырантасығышын орбитаға шығарды.

Ұшырылым бейсенбі күні Лондон уақыты бойынша 1:03-те Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан өтті және SpaceX сайтында көрсетілді.

Ұшырылымнан шамамен үш минут өткен соң зымыран тасығыштың бірінші кезеңі Атлант мұхитындағы Just Read the Instructions қалқымалы платформасына бөлініп, қонды.

Тағы бірнеше минуттан кейін «Драгон» екінші сатыдан бөлініп, 575 км биіктікпен орбитаға шықты.

Осыдан кейін ғарышкерлер Жерді мөлдір күмбез арқылы көре алды.

Туристер келесі үш күнді орбитада өткізеді. Миссияның соңында капсула Атлант мұхитына қонуы керек.


Keywords: Ғарыш, Әлем,
Up