Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сотталған Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдетілді

14 May 2021 16:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Апелляция алқа қаулысына сәйкес, Жомарт Ертаев түрмеде 11 жыл емес тоғыз жыл отырады.

Сот үкімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалады.

«Жомарт Ертаев 9 жылға, Игорь Мажинов 7 жылға, Бақыт Ибрагим 7 жылға сотталды. Сонымен бірге, 13 сотталушыға шартты жаза қолданылды»,- делінген сот қаулысында.

Бұған дейін, сот үкімімен Жомарт Ертаев 11 жыл бас бостандығынан айырылған болатын. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы Ертаев кінәсін мойындағанын, қылмыстық істі тергеуге көмектескенін, залалды ішінара өтегенін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары барын ескерген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Жомарт Ертаев 2019 жылдың мамырында Мәскеуде ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының өтініші бойынша ұсталған

ҚР ІІМ мәліметінше, Ертаев аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін халықаралық іздеуде болған.


Up