Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жоғалған 8 жасар қыздың денесі бес күннен кейін табылды

13 June 2021 13:25

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 8 жасар қыздың денесі 5 күннен кейін Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең сағат 7.35 минут кеткенде Есіл ауданы Покровка елді мекенінен 7 шақырым жерде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 8 жасар қыздың денесін Есіл өзенінен алып шықты. 2012 жылы туған қыз 8 маусым күні Покровка ауылында жоғалып кеткен еді.

Қыздың мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Жалпы жыл басынан СҚО-да 7 адам суға кетті, оның үшеуі – бала.

СҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: арнайы жарақтандырылған орындарда ғана суға шомылуға болады, жалғыз және қараңғыда суға шомылуға бармаңыз, балаларды жалғыз өздерін өзен-көлдерге жібермеңіз.

Бұл ескерту алдағы күндері аса маңызды, өйткені СҚО-да 13-15 маусым аралығында қатты ыстық болмақ, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар.


Up