Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да суық тиіп ауырғандардың басым бөлігі - балалар

29 November 2021 14:39

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі айдың ішінде 10 758 адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырды, тұмаумен ауырғандар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны бір аптаның ішінде 5 %-ға артты. Эпидемиологиялық маусым 1 қазан басталса, бүгінге дейін 10 758 адам ЖРВИ-мен дәрігерге қаралған. Тек өткен аптада суық тиіп ауырған 1,5 мың адам емханаға келген. Бұл оның алдындағы аптамен салыстырғанда 5 %-ға артық.

Ауырғандардың 685-і - 14 жасқа дейінгі балалар, 379-ы – 15 пен 29 жастағылар, 330-ы – 30 бен 64 жастағылар, 113-і – 65 жастан асқандар.

«ЖРВИ-мен ауырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге өсіп отыр. Республиканың басқа өңірлерінде тұмаумен ауырудың 90 жағдайы тіркелді. Сондықтан да масканы дұрыс киіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау қажет. Ойын-тойларды азайтып, қарапайып гигиеналық талаптарды сақтаған жөн», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

СҚО-да 90 мың тұрғын тұмауға қарсы екпе алды, бұл өңірдің барлық халқының 16 %-ы.


Up