Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да өткен тәулікте 47 бала коронавирус жұқтырды

25 January 2022 14:45

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 263 адам анықталса, соның 47-сі - бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр. 23 қаңтар күні КВИ 178 адамда тіркелсе, өткен тәулікте 263 тұрғынның ауырғаны анықталды. Жұқтырғандардың ішінде балалар мен жүкті әйелдердің үлесі басым. COVID-19-бен бір күнде жаңадан 47 бала ауырып, дәрігерлердің бақылауындағы олардың саны 469-ға жетті. Соның ішінде 35-і стационарда ем алып жатыр.

Ал өткен тәулікте жүкті келіншектердің 30-ы ауырып, коронавирус жұқтырғаны расталды. Қазір 177 әйелдің 51-і инфекциялық стационарларға жатқызылса, 126-сы үйлерінде ем алуда.

Жалпы қазір СҚО-да емдеу мекемелері 23 %-ға жүктелген, 308 науқас бар. 23 адам жансақтау бөлімшелерінде жатыр.

Бұған дейін СҚО-да 23 адамның нашар халде жатқанын, 460 адамның қауіпті инфекциядан қайтыс болғанын айтқан едік. Өткен тәулікте тағы бір сырқат көз жұмды.


Up