Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына жаңа басшы келді

28 July 2021 15:25

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына тағайындалған жаңа басшыны өңір әкімі аппарат жиынында таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасын бұдан былай Мейрам Меңдібаев басқармақ.

Мейрам Жақсылықұлы 1971 жылы 6 қарашада СҚО М.Жұмабаев ауданында туған.

Петропавл есеп-экономикалық техникумын «техник-құрылысшы», Көкшетау университетін «юриспруденция» және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжін «жерге орналастырушы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы СҚО бұрынғы Булаев ауданы «Қазақстанға 40 жыл» совхозының құрылыс бөлiмiнiң ағаш ұстасы болып бастаған.

Кейін Булаев ауданы әкiмi аппаратының аудандық сәулетшiсi, Булаев қаласы әкiмi аппаратының бас маманы, СҚО жер ресурстарын басқару комитетiнiң бас маманы, СҚО М.Жұмабаев ауданы жер қатынастары бөлiмiнiң бастығы, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлiмi бастығының орынбасары, СҚО әкiмдiгi жер инспекциясы басқармасының басшысы болып еңбек етті.

2018 жылғы қарашадан осы тағайындауға дейін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi жер ресурстарын басқару комитетiнiң жердi пайдалану мен қорғауды, геодезиялық қызметтi мемлекеттiк бақылау басқармасының басшысы болды.

Ал бұған дейін ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасын басқарған Ерболат Бекшенов Айыртау ауданының әкімі болып кетті.


Up