Weather
Astana 1 °С
Almaty 8 °С
Exchange rates
USD 378.36
EUR 411.92
RUB 5.76
CNY 53.92

Скарлет Йоханссон әлемдегі ең көп ақы төленетін актриса атанды

24 August 2019 06:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Forbes журналы әлемнің ең көп ақы төленетінактрисаларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Скарлет Йоханссон лидер атанды.

Сарапшылардың деректеріне сәйкес, ол 2018 жылдың 1 маусымынан 2019 жылдың 1 маусымына дейін $56 млн табыс тапқан.

Актрисаға ең басты кіріс Marvel кинокомпаниясынан бұйырды.

Атап айтқанда, Скарлет Йоханссон қомақты соманы өзінің «Қара жесір» фильмінен тапты, ал «Кекшілдер» фильміндегі рөлі үшін $35 млн гонорар алды.

Сондай-ақ, тізімге София Вергара ($44,1 млн), Риз Уизерспун ($35 млн), Николь Кидман ($34 млн), Дженнифер Энистон ($28 млн) және Кейли Куоко ($25 млн) енді.

Алғаш рет рейтингке өткен жылы екінші орын алған Анджелина Джоли, Джулия Робертс, Кейт Бланшетт және Дженнифер Лоуренс кірмей қалды.

Олардың орнын Элизабет Мосс ($24 млн) және Марго Робби ($23,5 млн) толтырды. О ндыққа Шарлиз Терон ($23 млн) және Эллен Помпео ($22 млн) да енді.

Еске сала кетсек ,21 тамызда Forbes жылсайынғы әлемнің ең көп ақы төленетін актерлер тізімін жариялаған еді. Дуэйн Джонсон биылғы жылғы ең бай актер атанды.


Up