Weather
Astana 22 °С
Almaty 16 °С
Exchange rates
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

18 September 2019 08:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі, 18 қыркүйек күні еліміздің барлық қалаларында ауа сапасы қалыпты болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, еліміздің барлық қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Up