Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда биыл 108 дала өрті тіркелді

11 June 2021 21:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 62 орман және 108 дала өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл өңір бойынша 62 орман өрті тіркелген. Оның көбі найзағай салдарынан болды.

«Нақты айтқанда, найзағай разрядынан – 48, отты абайсыз пайдаланудан – 13 және қасақана от қоюдан – 1 өрт шықты. Сондай-ақ 2165 гектар алқапта 108 дала өрті тіркеліп отыр», - деді облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Сембаев.

Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында арнайы құрылған 69 мобильді топ 419 рет рейдке шыққан. Соның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 242 адам әкімшілік жауапқа тартылды.


Up