Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шығыс Қазақстанда 30 қоғамдық құтқарушы даярлықтан өтті

28 May 2022 20:48

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жағажайларға кезекшілікке шығатын 30 қоғамдық құтқарушы даярлықтан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел құтқару жасағының қызметкерлері қоғамдық құтқарушыларды оқытуды бастады. Оқыту бағдарламасы аясында оларға суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету қағидалары, құтқару құралдарын пайдалану және қайықпен жағалауға бақылау жүргізу техникалары үйретілуде.

«Қоғамдық құтқарушыларды дайындауға «Қызыл Ай» қоғамы ШҚ филиалының мамандары да белсене қатысуда. Бүгінгі таңда 30 құтқарушы оқытылды. Әлі де осынша адамды даярлықтан өткізу жоспарланып отыр. Оқу аяқталғанда оларға арнайы куәлік тапсырылады», - делінген ақпаратта.

Құтқарушылар балалар қауіпсіздігі мәселесіне де баса мән беруде. Оқушыларға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы өңірде 394 бала департамент бөлімшелеріне келіп, қауіпсіздік негіздері бойынша сабақ алды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Алакөлдің түбін тазарту кезінде бір күнде 90 келі темір шыққанын хабарлаған едік.

Up