Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО тұрғынының көлігінен есірткі мен тапанша табылды

7 December 2021 00:06

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Глубокое ауданы тұрғынының көлігінен есірткі мен тапанша табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары есірткіні сақтау күдігімен Глубокое ауданының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту жүргізу барысында оның шалбарынан жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған түйіншек табылды.

«Ер адамның көлігін тінту кезінде алдыңғы орындықта жатқан сөмкеден пластик ыдысқа салынған өсімдік тектес зат салынған 40 полимерлі пакет шықты. Бұдан бөлек, жүргізуші орындығының астынан травматикалық тапанша табылған.

Сараптама қорытындыға сәйкес, жалпы салмағы 37,67 граммға жететін тәркіленген зат – кептірілген марихуана. Ал зауыттық әдіспен жасалған қару атуға жарамды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау немесе алып жүру) және 296-бабы 3-бөлігіне (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Up