Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да экология талаптарын бұзған кәсіпорындарға 26 млрд теңге айыппұл салынды

29 January 2022 06:40

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір жылда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорындарға 26 млрд теңгеге жуық айыппұл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО экология департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр өңірдегі түрлі кәсіпорындар мен зауыттарға 86 рет тексеру жасалды.

Оның ішінде 19-ы бақылау кестесі бойынша болса, 67-сі жоспардан тыс жүргізілген.

«Соның нәтижесінде, экологиялық талаптарды бұзудың 167 фактісі анықталып, заңбұзушылықтарды жою туралы 56 ұйғарым шығарылды. Жалпы сомасы 26 млрд теңгеге жуық 177 айыппұл салынған. Бүгінде 436 млн теңгенің 158 айыппұлы өндірілді. Ал қалған 15 айыппұл бойынша ерікті төлеу мерзімі әлі өтпеген. Тексерулер барысында бірінші кезекте қоғамның наразылығын тудырған құқық бұзушылықтардың мән-жайы мен себептерін анықтауға назар аударылуда», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жалпы сомасы 1 020 950 теңге болатын 4 айыппұл бойынша іс мәжбүрлеп өндіріп алу үшін тиісті органдарға жолданған.


Up