Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да бизнесті заңсыз тексермек болған меморгандар жауапқа тартылды

16 June 2021 07:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бизнесті заңсыз тексермен болған мемлекеттік органдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кәсіпкерлер қызметіне заңсыз араласуға жол берілмейтіндігін атап өткен болатын. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президенттің бизнесті тексеруге мораторий жариялау туралы Жарлығы күшіне енді.

ШҚО прокуратурасының мәліметінше, аталған Жарлық талаптарының сақталуы ерекше бақылауда. Заңсыз тексерулерді анықтауға және оның алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған.

«Жыл басынан бері құзырлы органдардың тексеру кестесінен 2 шағын кәсіпкерлік субъектісі алынып тасталды. Мысалы, Глубокое аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Нефрит 13» ЖШС жұмысын заңсыз тексермек болған. Сондай-ақ Өскемен қаласының ТЖ басқармасы жекеменшік «Азамат» балабақшасын тексеруді көздеген. Прокуратураның қадағалау актілері бойынша аталған мекемелер тексеру тізімінен шығарылып, заңсыздыққа жол берген лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды», - делінген ақпаратта.

Өткен жылы өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының 91 тексеруі заңсыз деп танылған.

Айта кетейік, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында прокуратураның мобильді топтары жұмыс істеуде.



Up