Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 5 желтоқсанға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін

2 December 2021 10:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында апта соңына дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2-5 желтоқсан аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі жаңбыр мен қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстандағы 20 тасжол учаскесінде қар көшкіні қаупі жоғары.


Up