Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да 116 жағажайда шомылуға тыйым салынды

21 May 2022 21:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен 116 жағажайда шомылуға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде тыйым салынған шомылу орындарының тізімі белгіленді.

«Күн жылынған сайын өзен-көл жағалауларында демалушылар саны артып келеді. Өткен жылы Шығыс Қазақстанда суға шомылу маусымында 35 адам суға батқан. Барлық жазатайым оқиғалар жабдықталмаған шомылу орындарында болды. Биыл облыстық мәслихатының шешімімен 116 жағажайда шомылуға тыйым салынып отыр», - делінген ақпаратта.

Бұл жерлерге тыйым салу белгілері орнатылған. Мұндай қауіпті су айдындарының ағыны қатты, түбін сүңгуірлер тексермеген. Сондықтан өзендерде адам денсаулығына қауіп төндіретін тастар, арматуралар және тереңдігі төрт және одан да көп метрге жететін шұңқырлар болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда бір де бір жағажай шомылу маусымына дайын емес екендігін хабарлаған едік.

Up