Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шетелде қалған қазақстандық туристерді елге қайтару қашан аяқталады

18 January 2022 13:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелде қалып қойған қазақстандық туристер елге қашан қайтатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

6-17 қаңтар аралығында Қазақстанға 90-ға жуық тұрақты және 30 чартерлік авиарейс арқылы 7361 турист қайтарылды.

17 қаңтардағы рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист, оның ішінде Тайландтан – 192, Шри-Ланкадан – 25, Мальдивтен – 34 және Гоадан – 24 турист елге оралады, деп күтілуде.

«Осы жылдың 19 қаңтарына дейін барлық ұйымдастырылған туристер Қазақстанға оралатынын хабарлаймыз. Шетелдегі барлық туристерге рейстердің ауысатыны туралы хабарланды. Туроператорлар өздерінің есебінен, Қазақстанның елшіліктері арқасында туристтерді шетелдік қонақүйлерде орналастыруды қамтамасыз етті» делінген мәліметте.

Қазақстанға келетін туристерді тасымалдау және орналастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Атқарылған іс-шаралар «Туристік Қамқор» КҚ күшімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.


Up