Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенат Расул Рахимовті Есеп комитетінің мүшелігіне тағайындады

21 October 2021 10:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конституцияға сәйкес, Сенаттың квотасы аясында Есеп комитетінің мүшесі қызметіне кандидатураны Сенат төрағасы ұсынады.

«Маған берілген құқықты пайдалана отырып, Сенаттан Есеп комитетінің мүшесі қызметіне Расул Нұрланұлы Рахимовтің кандидатурасын ұсынамын. Ұсынылған кандидатура Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің отырысында алдын ала талқыланды», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, депутат Ольга Перепечина аталған қызметке ұсынылған Р. Нұрланұлы «Болашақ» стипендиясының түлегі екенін, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алғанын жеткізді. Елімізде мемлекеттік органдарда қызмет етіп, өзін білікті маман ретінде таныта алған.

Палата депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.


Up