Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде коронавирусқа шалдыққандар саны тәулігіне рекордты 32 196 адамға жетті

15 October 2021 21:42

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – 15 қазандағы жағдай бойынша Ресейде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 999-ға жетті, бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметтері бойынша, соңғы айда өлім-жітімнің ең жоғары мәні 14 рет жаңартылды, яғни орта есеппен әр екі күн сайын кезекті антирекорд тіркеліп отырды.

Ресми деректерге сүйенсек, соңғы айда Ресей Федерациясында коронавирустан 25 478 адам қайтыс болды, яғни бұл – пандемия кезінде қайтыс болғандардың жалпы санының 11,51 пайызы.

ДДҰ жаһандық рейтингінде Ресей соңғы 7 күнде коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі 2-орында және пандемияның бүкіл кезеңінде 5-орында. Соңғы тәулікте Ресейде коронавирустың 32 196 жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды Роспотребнадзор сайты. Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұрғандар: Мәскеу – 6 631 жағдай, Санкт-Петербург – 2 632 және Мәскеу облысы – 2 110 жағдай.

Ресей Федерациясында коронавирустың 7 926 176 жағдайы анықталды, 6 960 024 науқас жазылып шықты. Пандемия кезеңінде инфекциядан 221 313 адам қайтыс болды. Ал 1 581 572 адам медициналық бақылауда. Өткен тәулікте 22 268 адам емделіп шықты.

Эпидемиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты 30-дан астам өңір карантин режимін қатаңдатты, оның ішінде қоғамдық орындарға бару және көпшілік іс-шаралар үшін QR-кодтар, сондай-ақ вакцинадан өткендігі туралы сертификаттар енгізілді. Жеке субъектілерде вакцина алуға міндеттелген қызметкерлер үшін қызмет салаларының тізімі енгізілді немесе кеңейтілді.



Up