Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

QazVac қазақстандық вакцинасының 3 негізгі артықшылығы аталды

20 October 2021 01:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі Нурика Асанжанова коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының 3 негізгі артықшылығын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, вакцинаны сақтау талаптары қарапайым. Кәдімгі тоңазытқыштар. Тасымалдау және сақтау кезінде ұстап тұру қиын болатын минус 20, не минус 70 градуста қатырудың қажеті жоқ.

Екіншіден, вакцина – қауіпсіз. Себебі ол инактивтендірілген, басқаша айтқанда «өлтірілген».

Және үшіншіден, тиімділігі жоғары. Өзге технологиялармен салыстыратын болсақ, біздің вакцина тұтас вирустан жасалады. Қарапайым тілмен айтсақ, вакциналанған ағзаға вирус енген жағдайда, антиденелер алдын ала сақ тұрады. Сырқаттармен тиімді күресуге мүмкіндік беретін иммунологиялық жады іске қосылады», - деді Нурика Асанжанова «20:21» жобасының эфирінде.


Up