Weather
Astana -21 °С
Almaty -7 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ПТР анықтамасы жоқ жолаушылардың ұшаққа отыруына тыйым салынады

26 October 2020 19:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

Жиында Үкімет басшысы шектеу шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі мониторинг топтарының жұмыс тиімділігінің төмендігін сынға алды.

Отырыста Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әуе компанияларына ПТР-тест нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салуды тапсырды.

Сонымен қатар, рентген аппараттарын, жылжымалы медициналық кешендерді жеткізуді жеделдету тапсырылды.

Up