Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

20 April 2021 12:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау органдарының екінші жартыжылдықта өтуге тиіс аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдық округтерден тыс ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға дайындығы туралы баяндалды.

Сонымен қатар пандемия кезінде өтетін сайлау барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді.


Up