Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент актриса Ғазиза Әбдінәбиеваның туыстарына көңіл айтты

19 April 2021 15:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиеваның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады», - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында.

«Ғазиза Мәкешқызы әр жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет жасады. Бірқатар отандық фильмдер мен телесериалдарда басты рөлдерді сомдап, көрерменнің жоғары бағасын алған еді. Ол әрбір қазақстандықтың жадында жарқылдап, жадырап жүретін бейнесімен қалды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – делінген жеделхатта.

Бұған дейін хабарлағандай, театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды.



Up