Weather
Astana 1 °С
Almaty 3 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Премьер-Министр астықты сатып алу мен тасымалдауға қатысты тапсырма берді

22 September 2020 09:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин астықты сатып алу мен тасымалдауға қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне астық және астық бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу саласын, сонымен қатар экспорттық әлеуетті дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Бұған қоса Асқар Мамин әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне егін жинауды қысқа мерзімде аяқтап, егіннің сақталуын қамтамасыз етуі бойынша тапсырма берді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі астықтың сатып алу бағасын белгілеуді қамтамасыз етсін және нарыққа қатысушыларды хабардар етсін. Әкімдерге форвардтық сатып алу механизмі арқылы қаражаттың қайтып келуін қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы Индустрия министрлігіне «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, астықты үздіксіз тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету шараларын қабылдауды жүктеді.


Up