Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Пикассо картинасы аукционда 67,5 млн долларға сатылды

18 May 2022 18:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пабло Пикассоның 1932 жылғы «Femme nue couchée» картинасы сейсенбі күні Нью-Йорктегі Sotheby's дебюттік аукционында 67,5 млн долларға сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Nasdaq агенттігіне сілтеме жасап.

Пикассоның «Femme nue couchée» сюрреалистік картинасы француз тілінен «жалаңаш жатқан әйел» деп аударылған.

Картинада оның музасы Мария-Тереза Вальтер көп аяқты теңіз жаратылысы ретінде бейнеленген.

Оның жүзуге деген махаббаты мен судағы сымбаты суретшіні теңізді бейнелеуге шабыттандырған.

Sotheby's аукцион үйінің айтуынша, Пикассоның өзі суда жүзе алмаған.



Keywords: Мәдениет, Өнер,
Up