Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында бір жасар бала су құйылған ыдысқа батып кетті

2 August 2021 10:58

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Павлодар облысында бір жасар бала су құйылған ыдысқа құлап, батып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында демалыс күндері екі қайғылы оқиға тіркелді. 1 тамыз күні сағат 18:00-де Ақсу ауылдық округіндегі Пограничник ауылында ата-анасының қарауынсыз қалған бір жасар бала су құйылған он литрлік ыдысқа құлап, батып кеткен. Қайғылы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар полиция 1 тамыз күні сағат 01:40-та Усолка өзенінде суға шомылу кезінде батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылғанын хабарлады. Қайғылы оқиғаның куәгерлері бар.


Up