Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Отбасы күні: ШҚО-да көпбалалы әке құтқарушы болып жұмыс істейді

15 May 2021 16:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы әке Төтенше жағдайлар департаментінде құтқарушы болып жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық отбасы күнін барлық елдер 15 мамырда атап өтеді. Бұл мерекені БҰҰ Бас ассамблеясы 1993 жылдың 20 қыркүйегінде бекіткен. Бұндағы мақсат – көптің назарын қазіргі қоғамдағы отбасы мәселелеріне аудару.

Сейілхановтар отбасы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің еңбек ұжымындағы ең үлкен отбасы. Олар бес бала тәрбиелеп отыр. Екеуі ұл, үшеуі қыз.




Кішісі Адина 2 жаста, үлкен ұлы Еркебұлан биыл 14-ке толған. Отбасы алтыншы баласының дүниеге келуін күтіп отыр. Отағасы Әсет Сейілханов ТЖД ӨСжАҚЖҚ мамандандырылған жасағының бастығы болып еңбек етеді. Ол 2004 жылдан бері азаматтардың қауіпсіздігі үшін тер төгуде. Өз еңбек жолын Жарма ауданының Әуезов ауылында қарапайым өрт сөндіруші ретінде бастаған.

«Әр адам үшін өмірдің маңызы - өз отбасы. Менің жанұям - менің қуанышым, бақытым. Өзім қызметте жүргенде жолдасым Нұргүл бала тәрбиесінде отыр. Мен де көпбалалы отбасынан шыққанмын. Бала деген шаңырақтың шаттығы ғой. Барлық жерлестеріме осындай бақыт бұйырсын деймін», - деді Әсет Сейілханов.





Up